24 там, 2020 сағат 13:58

Қазақстанда 2,5 мыңға жуық бала коронавируспен ауырды

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрайымы, медицина ғылымының докторы Риза Боранбаева балалар арасындағы коронавирус инфекциясының таралуы жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Балалар коронавирус инфекциясына сирек шалдығады. Жеткіншектерде індет көбінесе симптомсыз әрі жеңіл формада өтеді. Дегенмен балалар арасында да індет ауыр түрде болды. Жалпы, індет басталғалы Қазақстанда коронавирус инфекциясымен 2,5 мыңға жуық бала ауырды, оның ішінде 111-і жаңа туған нәресте. Балалардың 80 пайызында COVID-19 симптомсыз әрі жеңіл формада өтеді. Тек 20 пайызы індетті орташа ауыр және ауыр формада еңсерді», - деді Р. Боранбаева Орталық коммуникациялар қызметінде.