17 ақп, 2021 сағат 07:24

Қазақстанда 22,2 мың адам коронавирустан емделіп жүр

Қазақстанда 22,2 мың адам коронавирустан емделіп жүр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«17 ақпандағы мәлімет бойынша, 22 295 адам короновирус инфекциясынан (13 846 КВИ+ және 8 449 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 927 пациент стационарда, 17 368 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр», делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

249 адамның жағдайы ауыр;

45 пациенттің жағдайы өте ауыр;

40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.