16 нау, 2021 сағат 19:11

Қазақстанда 2025 жылға дейін азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа жетеді - ҚДСО

Қазақстанда 2025 жылы азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру көзделіп отыр.

Бұл туралы бүгін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Жәмила Баттақованың төрағалық етуімен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа тәсілдері бойынша 2022-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» тұжырымдамасының жобасын талқылауға арналған онлайн-кеңесте мәлім болды. 

Жиында Жәмила Баттақова ҚДС ҰО және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа тәсілдері бойынша 2022-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» тұжырымдамасымен таныстырды.

Тұжырымдаманың басым бағыты ретінде дұрыс тамақтану, темекі шегу және ішімдік ішуді азайту, дене белсенділігін арттырып, денсаулық сақтауды дамыту, психикалық және репродуктивті денсаулықты сақтау, жарақат алуды азайту, әлеуметтік желілер арқылы халықты денсаулық сақтауға шақыру, ҮЕҰ-ға көмек көрсету, денсаулық сақтау бағдарламаларын және эпидқадағалауды енгізу сияқты мәселелер аталды.

 

Құжатта көрсетілген міндеттер сәтімен жүзеге асырылса, 2025 жылға қарай азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттырып, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар санын 5%-ға дейін ұлғайту, жұқпалы емес ауруларды 7%-ға дейін төмендету, халықтың денсаулық сақтау саласындағы сауаттылығын - 70 % арттыру, артық салмағы бар және семіздікке шалдыққан балалар үлесін 10% төмендету, тұзды тұтынуды тәулігіне 5 грамға дейін азайту сияқты жетістіктерге жеуге болады. 

Кеңеске қатысушылар ҚР Салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа тәсілдерін дәріптеу бойынша Ұлттық жоба тұжырымдамасына өздерінің ұсыныстарын енгізді.