05 там, 2024 сағат 16:25

Қазақстанда 2024 жылы әскерге шақырылушылар саны артады


ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы "мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығару және ҚР азаматтарын наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына өзгеріс енгізілетін Үкіметтің қаулысы дайындалды.

Құжатта нақтыланғандай, әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді қарастырады.

Бұған дейін жарлықта 39 180 адамды қызметке шақыру қарастырылған болатын.