1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 14 136 шетелдік азамат еңбек етіп жүр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 631 (басшылар және олардың орынбасары), екінші санат – 3 262 (құрылымдық бөлімше басшылары).
Тартылған жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттар - 7 172 адам және 749 адам.
Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 658 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 664 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 657 жұмыс беруші бар.
Онда 402 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.
Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер мынау: Қытай – 3 530 адам, Түркия – 1 492 адам, Үндістан – 1 119 адам, Ұлыбритания – 882 адам, Өзбекстан – 593 адам.
Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді.
Биыл квота көлемі жұмыс күшіне шаққанда 0,31% немесе 29,3 мыңды құрады.