Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тұтастай алғанда, Қазақстан нарықтық экономикаға айналып, өзінің бейбітсүйгіштігі мен халықаралық міндеттемелерді берік ұстанатынын мәлімдеп, әлемдік қауымдастықтағы беделді, құрметті елге айналды. Әлемдік қауымдастықта ол ядроға қарсы жаһандық қозғалыстың көшбасшысы деп аталады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша Орталық Азия өңірінде алдыңғы қатарға шыққанын ұмытпау керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезі жабық режимде өтіп жатыр. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, онда партия Төрағасын сайлау туралы, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы - үш мәселе қаралады.