28 ақп, 2022 сағат 10:25

Қазақстан Ұлттық банкі валюта саудасын тоқтатуы мүмкін


Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" АҚ бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" АҚ-мен бірлесіп теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады. 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де сауда-саттық Франкфурт аукционы форматында ашылады.

Бұл шаралар уақытша сипатқа ие, белгісіздіктің жоғары дәрежесін және сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа көрсетілетін қысымды барынша азайту қажеттілігін көрсетеді.

Сонымен қатар, қазір сыртқы қаржы нарықтарындағы айқындалмаған шарттар өзгергеніне байланысты Ұлттық банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-мен бірлесіп, 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық вауда-саттықты толық тоқтата тұру туралы мәселені қарауы мүмкін.

Теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық туралы ақпарат ресми хабар тарату арналары арқылы уақтылы жеткізілетіні айтылды.