23 жел, 2021 сағат 20:24

Қазақстан үкіметі еліміздегі ауған азаматтарына қалай көмектесіп жатыр?


Ауғанстандағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан үкіметі елімізде қалған Ауғанстан азаматтарының мәселесін шешуге белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық құқық пен ҚР ұлттық заңнамасының қағидаларын ұстана отырып, ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын 155 ауған студентіне оқу визасын берді және ұзартты.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның қатысуымен экономикалық көмекке мұқтаж 204 ауған студентіне, оның ішінде осы жылы оқуын бітірген студенттерге гуманитарлық көмек көрсетілді.

Акция Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Нұр-Сұлтан қалаларында өткізілді.