15 қаз, 2022 сағат 15:38

Қазақстан түрікмен-ауған шекарасында астық терминалын салады


Қазақстан түрікмен-ауған шекарасында астық терминалын салады. Бұл туралы бүгін Ақордада Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл шаруашылығын ынтымақтастықтың тағы бір өзара тиімді бағыты ретінде айқындадық. Бұл тұрғыда қазақстандық бидайды түрікмен нарығына экспорттау перспективаларын егжей-тегжейлі талқыладық. Түрікмен-ауған шекарасында астық терминалын салу жоспарына жеке тоқталдық. Осы мақсатта жобаны іске асыру шарттары мен мерзімдерін талқылайтын бірлескен жұмыс тобы құрылды. Сердар Бердімұхамедовтің ұсынысымен жол картасы әзірленетін болады. Екі елдің Үкіметтері осы бағытта белсенді жұмыс істеген жағдайда барлық мәселе оң шешіледі деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.