Сурет: pixabay
Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "Қазақстан" шахтасында шыққан өрт кезінде қаза тапқан қызметкердің аты-жөні белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"АрселорМиттал Теміртау Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері, 1965 жылы туған Виталий Владимирович Слюньков (жерасты электршебері, 5-разряд, еңбек өтілі - 39 жыл) қаза тапты. Біз марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтамыз" - делінген компания хабарламасында.
Апат кезінде жер астында 227 қызметкер болған. Апатты жою жоспарын дереу енгізу арқылы 222 адамды жер бетіне көтеріп үлгерген, қалған төрт кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
«Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Құтқару қызметтерінің 12 бөлімшесі жұмыс үстінде. Біз марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетеміз», - дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.
Компания апаттың себептерін толық тергеу үшін мемлекеттік органдармен бірігіп қызмет етіп жатыр.