Фото: t.me/knbgov_kz
Су тасқыны салдарынан Ресеймен шекарадағы "Желқуар" автокөлік өткізу пунктінің жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Су тасқыны жағдайына байланысты 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік "Мариинский" өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан "Желқуар" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.
"Желқуар" автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді қайта бастау туралы ақпарат қосымша жарияланады.
Көлік құралдарының жүргізушілеріне қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады.