02 ақп, 2022 сағат 22:18

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісінің көлемін арттырады


ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер мәжілісінде Қазақстанның ақпан айындағы мұнай өндіру квотасы 1,589 млн баррель болып белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Бүгін ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер мәжілісі бейнеконференция форматында өтті. Жиында желтоқсан айынлу деңгейі талқыланды. Мәселен, Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі желтоқсан айында 122% болған.

«Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің қазіргі мұнай өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды», - деп жазылған министрліктің мәліметінде.

Мұның ішінде Қазақстанға белгіленген квота да артып отыр. 

«Қаңтар және ақпан айларында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота сәйкесінше тәулігіне 1,572 және 1,589 млн баррельді құрайды. 2022 жылғы наурыздағы міндеттемелер тәулігіне 1,605 млн баррельді құрайды», - делінген ресми түсіндірмеде.