Кейінгі тәулікте "Қазақстан халқына" қорына тағы 1,2 миллиард теңге түсті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, 2 ақпанда ақша аударғандар:
- Турлов Тимур Русланұлы - 500 миллион теңге;
- Ыдырысов Дінмұхамет Аппазұлы - 300 миллион теңге;
- Есенов Ғалымжан Шахмарданұлы - 250 миллион теңге;
- "Бағыстан" ЖШС - 100 миллион теңге;
- Vertex Trans ЖШС - 20 миллион теңге;
- "Эдельвейс Транс" ЖШС - 20 миллион теңге.
Осылайша қазірге дейін қорға 113,4 миллиард теңге аударылған. Бұл қаражат 2022 жылдың 16 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында жиналды.
Еске салайық, бұған дейін қор жылына кемінде 100 миллиард теңге көлемінде қаражат жинайды деп болжанған болатын. Болжамдық есептеулер шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражат алуды көздемеген.
«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдіреді.
2632 рет оқылды