ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына қаржы аударуда ұсталатын комиссия туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тілшілер «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына қаржы аударуда банктер неліктен комиссия ұстап қалатынын сұрады.
«Біз бұл мәселе жөнінде естідік, ол баспасөзде көтерілді. Сұрақ дұрыс қойылып отыр. Қазіргі уақытта бұл мәселені қарастыру үшін тиісті жұмыстарды жүргізетін боламыз. Мәселе әлі ашық қалып отыр, комиссияларды кері қайтару шаралары әлі қабылданған жоқ», - деп жауап берді Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А. Терентьев.