20 қаң, 2022 сағат 20:09

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қанша қаржы түсті?


2022 жылғы 16-19 қаңтар аралығында (қоса алғанда) Қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29.3 млн теңге түсті. 75 заңды тұлғадан және ірі кәсіпкерлерден 19.2 млрд теңге түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдірді.