24 ақп, 2020 сағат 10:17

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап "Ұлт ақпарат" хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды.