Қазақстан Pfizer/BioNTech компаниясынан коронавирусқа қарсы вакцина түріндегі гуманитарлық көмек алады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Коронавирусқа қарсы QazVac және Sinopharm вакциналарының 500 мың дозасы бар. Сонымен қатар гуманитарлық көмек ретінде Pfizer вакцинасын аламыз. Қазір құжаттарға қол қойып жатырмыз. Келесі аптада бізде Pfizer вакцинасының қанша дозасы бар екенін жариялаймыз", - деді Ғиният Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.