08 там, 2024 сағат 12:10

Қазақстан бойынша ең көпбалалы отбасының 19-сәбиі дүниеге келді


Қазақстан бойынша ең көпбалалы отбасы саналатын Култышевтар жанұясы тағы бір жанмен толықты. Ерлі-зайыпты Павел мен Татьянаның 19-шы сәбиі дүниеге келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Qazaqstan Media порталына сілтеме жасап. 

6 тамызда салмағы 4250 грамм, бойы 56 сантиметр қыз бала дүниеге келді. Осылайша, ерлі-зайыпты 10 ұл, 9 қыздың ата-анасы атанды. Бұл жолы Павел серіктестік босануға өзі кірген. Облыстық перинаталдық орталықтың мәліметінше, ана мен баланың жағдайы қалыпты.

Айта кетейік, Павел мен Татьяна 2000 жылы шаңырақ көтерген. Татьяна қарапайым отбасынан, ал Павел болса көпбалалы әулеттен шыққан. Татьяна тұңғышын 20 жасында дүниеге әкелді. 23 жастағы Иннаның өзі қазір бірнеше баланың анасы.