27 шіл, 2022 сағат 23:43

Қазақстан бизнесі украиналық серіктестермен жұмыс істеуге дайын – елші


Қазақстан бизнесі украиналық серіктестермен жұмыс істеуге дайын. Бұл туралы еліміздің Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев Украина Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Геннадий Чижиковпен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Украинадағы елшілігінен мәлім еткендей, тараптар сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру, іскерлік қарым-қатынасты қалпына келтіру мәселелерін талқылады.

«Елші Кәлетаев өз сөзінде екі ел президенттерінің жақында телефон арқылы сөйлесуінде көтерілген мәселелерді талқылап, қазақстандық бизнес украиналық серіктестермен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді», - делінген ұсынылған хабарламада.

Чижиков биылғы 23 шілдеде аталып өткен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады.