17 нау, 2021 сағат 14:59

Қазақстан аумағында коронавирустың жаңа штамдары анықталған жоқ – Қиясов

Қазақстан аумағында коронавирустың жаңа штамдары анықталған жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстанда коронавирустың циркуляциясы бойынша эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі. Қыркүйектен бастап қаңтарға дейінгі аралықта жүргізілген геномдық зерттеулердің нәтижесінде ел аумағында коронавирустың жаңа штамы, нақтырақ айтқанда британдық, оңтүстік-африкалық, бразилиялық штамдар анықталған жоқ. Наурыз айының соңында кезекті геномдық зерттеулер нәтижесі алынатын болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.