Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауының жеңімпазы, "Луна" театрының актрисасы Наталья Стешенко (Семаго) өлі табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін БАҚ-та Семагоның денесінде зорлық-зомбылықтың іздері жоқ екені айтылған.
"Себептерін әлі білмейміз, денесінде қан ұюы да мүмкін. Сот сараптамасының қорытындысын күтеміз", - дейді театрдағылар.
"Луна" театры жерлеу рәсімін өздері атқаратынын айтты.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше актрисаның денесін Мәскеу орталығындағы пәтерден баласы тапқан.
"Әйелдің өліміне қатысты қылмыс дерегі жоқ", - деді агенттік.