27 ақп, 2020 сағат 14:43

«ҚазАгро»-ның еншілес ұйымы ауыл кәсіпкерлеріне бөлінген қаражатты депозитке салған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ҚазАгро» ҰК еншілес ұйымына қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша IV республикалық кәсіпкерлер форумында айтылды.

«Бүгінгі күні Агенттік «ҚазАгро» ҰК еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясына қатысты тергеу жүргізуде. Оның басшылығы заңсыз сыйақы алу үшін Хоум Кредит банкіндегі депозитке ауыл кәсіпкерлерін жеңілдікпен несиелендіруге бағытталған 11 млрд теңгені салған. Бұл бір банк бойынша ғана жағдай. Тексеру жұмыстары енді ғана басталғанын айтқым келеді», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев.