ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин «ҚазАгро» холдингін сауықтыру маңызды екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың маңызды тетігі – қаржыландыру мәселесінде «ҚазАгроның» өзіндік орны бар. Мәселен, өткен жылы холдингтің саланы қаржыландыру көлемі 19 пайыздық өсіммен 477 млрд теңгені құраған. Ал, банктердің үлесі 3,7 пайыз ғана. Өкінішке қарай, холдингтің қыруар қарыз жүктемесі бар. Мамандардың айтуынша, сондықтан бұл мәселе несие мөлшерлемелерін төмендетуге мүмкіндік бермей отыр. «ҚазАгроның» қарыздарын қаржылық сауықтыру үшін Үкімет тарапынан жан-жақты негізделген жұмыс қажет деп есептейміз», - деді депутат Сенатта агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.
Оның пайымынша, дамыған елдер тәжірибесін және фермерлер ұсыныстарын ескере отырып, банктердің ауыл шаруашылығын белсенді қаржыландыру жайына назар аудару керек.