28 қыр, 2022 сағат 15:40

Қайрат Сатыбалдыға тағы да жаза кесілуі мүмкін – тергеу аяқталған жоқ

© Sputnik / Болат Шайхинов

Антикор жуырда алты жылға сотталған Қайрат Сатыбалдыға қатысты басқа да істерді тергеп жатыр. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қайрат Сатыбалдыға қатысты істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік тергеді. Сотта тек екі эпизод қана қаралды – "Қазақтелеком" және "Көлік сервисі орталығы" АҚ бойынша. Ал басқа істер қазір тергеліп жатыр. Экономикалық мәселелер қаралуда", - деді Шындалиев Мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, қазір тергеушілер салық заңнамасы мен қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру саласындағы заңбұзушылықтарды тергеп жатыр. Сонымен қатар Шындалиев жазасының белгілі бір бөлігін өтегеннен кейін Сатыбалды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш бере алатынын атап өтті.

26 қыркүйекте Астана қаласының соты Қайрат Сатыбалдұлына қатысты үкім шығарды. Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның жеке мүлкі тәркіленеді.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекмеде өтейді. Наурыздан бері изоляторда отырған 1 күні колониядағы 1,5 күн ретінде есептеледі.

Биыл 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылған еді.