18 қар, 2022 сағат 09:36

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды


Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"2022 жылғы 17 қарашада сот шешімімен тергеу органдарының күдіктіге қатысты қамауда ұстау мерзімін 8 айға, яғни 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде ұсталған болатын. Артынша, прокуратура қалалық мәслихат депутаты Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінгенін растады.

Оның қамауда болу мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Кейін Қайрат Құдайберген Amanat партиясының қатарынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылды.