Белгілі кәсіпкер, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі екі айға ұзартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сот қаулысымен тергеп-тексеру органының 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы өтінішхаты қанағаттандырылды. Қамау мерзімі 2022 жылдың 21 маусымына дейін ұзартылды», - делінген Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, 22 сәуірде ұсталған Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шыққанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген еді.
Кейінірек Бас прокуратура Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады.
Кәсіпкер "қылмыс әлемінің серкесі" Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған.