01 сәу, 2021 сағат 14:51

Қасым-Жомарт Тоқаев «СҚ-Фармация» басшысына ескерту жасады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «СҚ-Фармацияның» жұмысын сынға алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жекелеген өңірлерде сатып алынатын жеке қорғану құралдарының тапшылығы немесе сапасының төмендігі байқалуда. Біз «СҚ-Фармация басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт келді. Олай болмаған жағдайда - жұмыстан босатылады», - деп ескертті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл кеңесінде.