21 шіл, 2019 сағат 23:40

Қасым-Жомарт Тоқаев полицияны реформалау туралы айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «31» арнадан көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде полицияны реформалау мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейлік журналист Алексей Пивоваровтың қойған сауалына жауап берген Мемлекет басшысы Саакашвилидің мысалы Қазақстанға неліктен келмейтінін айтты.

«Ол туралы естігенмін. Ілкі жоба ретінде жергілікті муниципалды полицияға қатысты реформа іске асырып көруіміз мүмкін. Келешекте жасауға тырысамыз, бұл жоспарымда бар. Бірақ ілкі жоба ретінде, жеке бір облыста немесе ауданда іске асырамыз. Бұл тұрғыда Саакашвилиге оңайырақ болды. Оның елі шағын, халқының саны 3 млн адамнан сәл ғана асады. Сондықтан экспериментке сақ қарау керек. Бірақ реформа да қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.