© Sputnik / Владислав Воднев
Әлеуметтік желі қолданушылары алаяқтықтың тағы бір түрі шыққанын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кең тараған видеоға сәйкес, Kaspi bank мобильді қосымшасының арам пиғылды қолданушылары басқа біреуге ақша аударғаны туралы жалған чекті санаулы секундта жасай алады. Алаяқтар жалған чекті сауда жасаған кезде сатушыға көрсетіп, алдап кетуі мүмкін. Оны жасау үшін Telegram боты арқылы операцияның орындалған уақытын, сомасын және жіберушінің аты-жөнін жазып жіберсе болғаны.
Банк қаскүнемдердің құрбаны болмау үшін ақшаның түскенін дереу тексеру керек екенін ескертті.
"Мобильді қосымшадағы "Хабарламалар" сервисі арқылы сатып алу, шешу, толықтыру немесе аудару туралы барлық хабарлама келеді. Барлық операцияның тарихын "Менің банкім" бөліміндегі Kaspi Gold үзіндісінен көруге болады. Бұл алаяқтық әрекеттен қорғайды", - деді Kaspi баспасөз қызметі.
Банк мұндай Telegram боттарды бұғаттау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді.
Мемлекеттік кірістер комитеті касса аппараты арқылы берілген чектердің тұпнұсқа екенін қалай тексеру керектігін айтты.
Салық қызметкерлері Қазақстанда ақшамен есеп айырысу заңға сәйкес бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылуға тиіс екенін еске салды. Бұл аппарат тауарға немесе қызметке төленген соманың чегін береді.
Қазақстандықтар чектің шынайылығын төмендегі сайттарда тексере алады: