Кәсіпкерлерге банктердің мобильдік қосымшалары арқылы тұтынушылардан түсетін ақша аударымдарын фискализациялау мәселесіне ерекше назар аударуы қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Былтыр қиын экономикалық жағдайға қарамастан, мемлекеттік бюджеттің кірістері алдыңғы жылдың деңгейде сақталды. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер төмендеді. Бірақ ол жергілікті бюджетке түсетін түсімдер арқылы толықтырылды. Нәтижесінде мемлекеттік бюджет 65 млрд теңгеге асыра орындалды. Бюджеттің кірістер бөлігін арттыру – басым міндеттердің бірі. Оған, осы бағыттағы цифрландырудың барлық әлеуетін қолдану маңызды. Бұл ретте, «көлеңкелі» экономиканың деңгейін төмендету, табыстарды арттыруда басты рөл атқарады», - деді ол.
Оның айтуынша, осы бағытта Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Сондай-ақ Тәукелдерді басқару жүйесі, Электрондық шот-фактуралар, «Астана-1» ақпараттық жүйелер енгізілді.
«Соңғы 3 жылдың ішінде жоғарыда көрсетілген шаралар бюджетке қосымша 2 трлн теңгеден астам түсімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осыған байланысты, бұл бағыттағы жұмысты күшейту керек. Сонымен бірге, Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге банктердің мобильдік қосымшалары арқылы тұтынушылардан түсетін ақша аударымдарын фискализациялау мәселесіне ерекше назар аударуы қажет. Жалпы, барлық мүдделі мемлекеттік органдар осы бағыттағы үйлестірілген жұмыстарды жалғастыруы тиіс», - деді Әлихан Смайылов.