Фото әлеуметтік желіден алынды
Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасымен байланысты вайнерлердің ісіне қатысты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
Қалалық соттың мәліметінше, қылмыстық іс бойынша сот 21 желтоқсанда сағат 15:00-де өтеді.
Еске салайық, 12 желтоқсанда вайнерлер айыпталған оқиға ісі сотқа жолданған болатын.
Алматы прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша қылмыстық істі Алматы Алмалы аудандық сотына А.Құрманғалиев, Р.Бурканов, Д.Рахимова, Д.Ча, А.Рүстемов, Т.Касенов, С.Касенов, Н.Сұлтанбаев, М.Шерниязов, М.Төребаев, Б.Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.
Іс фигуранттары А.Ораз бен А.Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланды.
Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы түрлі үлеске тыйым салынды.
Іс бойынша айыптауды процестік прокурор қолдайды.