12 шіл, 2022 сағат 18:18

Қаржы пирамидалары қызметіне қатысты заң қабылданды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:

  • "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы";
  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".

Бұған дейін Президент сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы заңға қол қойған болатын.