Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына сәйкес Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалсын», - делінген ҚР Президентінің Жарлығы мәтінінде.
Ерлан Қарин 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған.
1997 жылы К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аспирантурасын бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты.
1997-1998 жылдары – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі.
1998-2000 жылдары – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары.
2000-2002 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі.
2003-2004 жылдары – Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, заманауи саясат Халықаралық институтының бас директоры.
2004-2006 жылдары – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы.
2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
2008 жылғы ақпан-қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2008-2013 жылдары – «Нұр Отан» ХДП-ның стратегиялық даму бойынша хатшысы.
2013-2014 жылдары – Вашингтон Университетінің (АҚШ) арнайы шақырылған профессоры.
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2017-2019 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорация» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
2019 ж. сәуір - 2020 ж. шілде аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2020 ж. шілде - 2022 ж. қаңтар Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2022 жылғы 5 қаңтардағы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалды.