19 қаз, 2022 сағат 18:37

Қарин Президенттің көк паспорт туралы айтқан ойына пікір білдірді


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сарапшылар форумында Қазақстанның саяси трансформациясы тақырыбында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазір қуатты институттық реформалар жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі күшті институттарды қалыптастыруға тиіс. Бірақ құндылықтарды қалпына келтірмей бұл мүмкін емес, бұл - өзара байланысты процестер.

Сондықтан жаңа этика мен жаңа құндылықтарды насихаттау қажет. Президенттің өңірлерге жасаған іс-сапарларында осыған баса назар аударып, еңбек культін, білімнің маңыздылығын, өзара көмек пен ынтымақ құндылығын дәріптеп отыруы бекер емес.

Сондай-ақ, Президент ұлттық бірегейлікке деген жаңа көзқарасты қалыптастырды, оның басты белгісі – көгілдір төлқұжатымыз", - деді ол өз сөзінде.

Қарин Президенттің көк паспорт туралы сөзінде азаматтық бірегейлікке қатысты патриоттық жайлы ой бар екенін айтты.

"Осылайша, Мемлекет басшысы жаңа тұжырымдамалар мен тың идеологияларды талқылауға шығарып отыр", - деп түйіндеді ол.