02 сәу, 2020 сағат 14:06

Карантинде жұмысқа тартылғандарға қосымша төлем жасау үшін 40,5 млрд теңге қарастырылған

Мемлекет басшысы медициналық және карантиндік қызметке тартылған басқа қызметкерлерге қосымша төлемдер жасау тапсырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу мәселесіне арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түсіндіру аясында «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд теңге көлемінде қосымша шығындар қарастырылған. Нәтижесінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығы мен дағдыларының тиімді моделін құру жалғасады», - дейді ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Оның айтуынша, коронавирустық инфекцияның таралуының қазіргі жағдайын ескере отырып, Мемлекет басшысы медициналық және карантиндік қызметке тартылған басқа қызметкерлерге қосымша төлемдер жасау тапсырды. 

«Осы мақсатта 40,5 млрд теңге қарастырылған», - дейді ол.