01 сәу, 2020 сағат 15:16

Карантин уақытын ұзарту мәселесі әзірге белгісіз

Қазір карантин уақытын ұзарту туралы айтуға - ерте. Бұл туралы онлайн брифингіде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ешкім екі апта бұрын эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды, бірақ біз барлығына дайын болуымыз керек. Сондықтан кеше айтылған барлық шаралар - жағдай күрделеніп кетсе де, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау кепілі. Ол үшін бізде қажетті шарттардың барлығы жасалған. Мемлекет басшысы тапсырмасы, нақты жұмыс жоспары және Ұлттық қорда жиналған қаражат бар. Осы ретте Ұлттық қорға қаражат жинау шешімі Елбасының көрегендігінің тағы бір дәлелі деп айтуға болады», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.