02 қыр, 2020 сағат 09:33

Карантин кезінде табыссыз қалған 2,6 млн адам 42 500 теңге алуға өтініш берген

2,4 млн-ға жуық қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2 қыркүйек сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған азаматтардан 2 млн 607 мыңнан астам өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең. 

Төлемді 2 млн 391,5 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 385 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. 

Өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 млн 607 мыңнан астам өтінімнің ішінде:

– 834,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 689,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 415,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 667,4 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы; 

– 0,7 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 272,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 500,2 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 393,6 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 391,5 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұған дейін хабарланғандай, біржолғы төлем алуға өтініш 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданды.

Қайта қарауға өтініштер 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.