30 қыр, 2023 сағат 14:35

Қарағандыдағы ұшақ апаты: қаза болғандар туралы ақпарат жарияланды

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

Азаматтық авиаци комитеті Қарағанды облысындағы ұшақ апатынан қаза тапқан екі адам туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Авиациялық оқу-жаттығу орталығы" ЖШС-нің әуе кемесі апатынан әуе апатынан қаза тапқандар: әуе кемесінің командирі (ұшқыш-нұсқаушы), Әуе қорғау күштері әскери институтының курсанты.

Ұшқышта 2019 жылдың 28 қарашасында берілген CPL (A) №000012 куәлігі болды. Жалпы ұшқан уақыты - 1097 сағат. Ұшқыш нұсқаушының арнайы белгісін "Қазақстандық шағын авиация қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі (КАМА) енгізген. Ол 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе апатында қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду P2002-JF апатына байланысты Операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізген. Операциялық орталық Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің апаттық жоспарын іске қосып, ұшу қауіпсіздігі мәселелерін талқылады және тергеуге құжаттарды дайындады.

«Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС 2022 жылғы 25 қарашада «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ берген АОО сертификаты негізінде авиациялық персоналды кәсіби даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Сертификаттық тексеруді «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық инспекторлары 2022 жылғы 21 қараша мен 25 қараша аралығында жүргізді.

Әуе оқиғасы болған UP-LA286 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2020 жылғы 4 маусымда берілді. Шығарылған уақыты - 2011 жылдың 29 шілдесі.

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2020 жылғы 13 мамырда тіркелді.

АОО паркі 15 (11 ұшақ және 4 тікұшақ) әуе кемесінен тұрады», - делінген хабарламада.