10 там, 2021 сағат 00:12

Қарағандыда мобильді топқа бағынбай, жанжал шығарған екі тұрғын 3 тәулікке қамалды


Қарағандыда мобильді топқа қарсылық көрсеткен екі ер адам үш тәулікке тұтқындалды. Олар карантин шектеуіне қарамастан коттеджде қонақ жинап, іс-шара өткізген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қарағанды қаласы әкімшілік сотының қаулысымен мобильді топ мүшелеріне бағынбаған екі ер адамға қатысты әрқайсысына үш тәулік әкімшілік қамау түрінде жаза қолданылды», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 8 тамыз күні «109» телефонына Ш.Жандарбекова көшесіндегі коттеджде салтанатты іс-шара өтіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, әкімдік және СЭҚ өкілдерінен құралған мобильді топ келіп жеткен.