Қарағандыда COVID-19 коронавирус инфекциясымен ауырғандар туралы мәліметтер белгілі болды. Бұл туралы тікелей эфирде Тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгінгі таңда Қарағанды облысында коронавирус екі адамнан табылды. Бұл 1971 жылы туған ер адам және 1972 жылы туған әйел. Дәрігерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды. Екі емделуші хаттама бойынша барлық қажетті ем алады. Дерт жұқтырғандармен байланыста болғандардың барлығы оқшауланды.
Қарағанды облысында коронавирусқа зертханалық диагностиканы Қарағанды Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасы жүргізеді. Ол қажетті жабдықтармен, COVID-19 тест-жүйелерімен жабдықталған.
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін облыста итісті шаралар қоланылуда.
Ресми ақпаратты Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан және (8-7212) 50-76-46 жедел желі телефоны арқылы білуге болады.