Қарағанды облысының судьясы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық агенттігі хабарлады.
2021 жылғы 10 тамызда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен Қарағанды облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.М. Ғабдуллин 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол «Оливия» ЖШС-нің заңгері Е.В. Кантер-Скрипкинаның Қарағанды қаласында жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша конкурстардың қорытындыларын жою туралы аталған Серіктестіктің талап-арыздарын қанағаттандырғаны үшін бірінші және апелляциялық сот инстанцияларының судьяларына 8 млн теңге мөлшерінде пара беру бойынша алаяқтық және арандатушылық жасады.
«Оливия» ЖШС-нің заңгері Е.В. Кантер-Скрипкина пара беруге әрекет жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.