Қарағанды облысындағы дала өртінен құтқарушы қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Ult.kz.
Оқиға 6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданында болған.
"Дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты. Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген", - делінген хабарда.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатқаны айтылады.
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді", - дейді баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, Қарағанды облысында кеше ірі дала өрті шыққаны хабарланған.