көрнекі сурет
Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"30 қыркүйекте Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпады.
Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты.
Авиациялық оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болды" - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады.