2022 жылғы қаңтар айында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 110,7% орындалды (жоспар бойынша 996,2 млрд. теңге, 106,9 млрд. теңгеге асыра орындаумен 1 103,1 млрд. теңге түсті), деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,2 есе немесе 612,7 млрд. теңгеге жоғары.
Оның ішінде:
- Республикалық бюджет 102,2% орындалды (жоспар бойынша 801,3 млрд.теңге, 17,6 млрд. теңгеге асыра орындаумен 818,9 млрд. теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 есе немесе 549,9 млрд. теңгеге өсті.
- Жергілікті бюджет 145,8% орындалды (жоспар бойынша 194,9 млрд.теңге, 89,3 млрд. теңгеге асыра орындаумен 284,2 млрд. теңге түсті) 2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,3% немесе 62,8 млрд. теңгеге өсті.
2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда Республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 300,7млрд. теңгеге немесе 3,2 есе және экспорттық кеден баждары бойынша 124,3млрд. теңгеге немесе 8,3 есе өскені байқалады.
Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.
2022 жылы қаңтар айын өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 59,0%, алюминийге 49,9%, мырышқа 33,3%, мысқа 22,7% және қорғасынға 16,3% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 55,6%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы қаңтарда– 45,0 $, 2022 жылғы қаңтарда – 70,0$).
Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылы 14,1%-ға өсті (экспорт 25,8%-ға өсті, импорт 6,2%-ға төмендеді).
Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы қаңтар айында өткізу бойынша айналым 23,9%-ға ұлғайды (6 320 млрд. теңгеден 7 827 млрд. теңгеге дейін).
Жалпы, 2022 жылғы қаңтар айында электронды шот-фактуралардың деректері бойынша өнер, ойын-сауық және демалыс бойынша 2 есеге, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 1,8 есеге, өзге де қызметтер түрлерін ұсыну 1,8 есеге, білім беру 66,5%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 48,4%, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер 33,5%, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі 31,5%, құрылыс 28,9%, өңдеу өнеркәсібі 26,9%, ауыл, орман және балық шаруашылығы 16,5% және көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 15,9%-ға өсті.
Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы қаңтарға бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналарынан орташа түсімі 17,5%-ға өсті (3,6 млн. теңгеден 4,2 млн. теңгеге дейін).
Бұл ретте, салалар бөлігінде орташа түсімнің өсуі көлік және қоймаға қою бойынша 2,1 есеге, өзге де қызметтер түрлерін ұсыну 30,4%, өнер, ойын-сауық және демалыс 30,2%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 28,0%, білім беру 12,3%, тұру және тамақтану бойынша қызметтер 10,5%-ға өсені байқалады.