20 шіл, 2023 сағат 11:46

Қанша қазақстандық АӘК алады?

сурет ашық дереккөзден алынды

2023 жылдың 1 шілдесінде 517 мыңнан аса адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

1 шілдедегі жағдай бойынша 98,8 мың отбасындағы 517,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалған. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 67,3 миллиард теңге бөлінген.

"АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Биыл 1 қаңтарынан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды", - делінген хабарламада.

1 шілдедегі жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 157,9 мың балаларға қосымша төлем тағайындалған.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.