Фото: Massaget.kz
Израильдегі ахуалдың күрделенуіне байланысты 124 қазақстандық арнайы репатриациялық рейспен елге жеткізілді.
Қазақстан азаматтары мінген «Air Astana» әуе компаниясының ұшағы (Тель-Авив әуежайынан ұшып шыққан - еск.) Алматының халықаралық әуежайына қонды.
Әуе кемесінің бортында 166 жолаушы болды. Оның 124 – і ҚР азаматы, қалғаны — шетелдіктер.
Фото: Massaget.kz
Сондай-ақ, елге оралғандардың 14-і – «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан стипендиат. Отандастарымызды туған-туыстары, жақындары, достары және БАҚ өкілдері қарсы алды.
Айта кетейік, 10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авивтен (Израиль) Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шыққан еді.
Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.
Өз кезегінде Израиль армиясы жауап ретінде ондаған жойғыш ұшақты пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын мәлімдеді.
Фото: Massaget.kz