Ресейдің Иркутск қаласында әскери ұшақ құлады. "112" телеграм-арнасының хабарлауынша, Су-30 истребителі авиазауыттан ұшып шыққан. Ұшақ тұрғын үйлер орналасқан аумаққа құлаған.
Sota арнасының хабарлауынша, екі ұшқыш қаза болған. Өрт аумағы – 200 шаршы метр.
Ресей төтенше жағдай министрлігі ұшақ апатында екі ұшқыштың опат болғанын растады. Ведомство мәліметінше, тұрғындар арасында адам шығыны жоқ.
17 қазанда да Краснодар өлкесінің Ейск қаласында әскери ұшақ тұрғын үйге құлаған еді. Соның салдарынан үйде өрт басталып, жарылыстар болған. Ұшқыштар ұшақтан секіріп үлгерген. Ұшақ апатынан 15 адам қаза болды, 19 адам жараланды.