13 там, 2024 сағат 16:09

iPhone 15 Pro және отандық эстрада жұлдыздары: Астанада ауқымды Open Air қалай өтті


12 тамызда Халықаралық Жастар күнінде Есіл өзенінің жағасында ашық аспан астында ауқымды музыкалық фестиваль өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев жастарды мерекемен құттықтап, өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы толығырақ айтып өтті.

«Барлық жастарды мерекемен құттықтаймын! Жастар күнін мерекелеу құрметіне «Жжастармен бірге» ұлттық онкүндігі бекітілді, ол 3-12 тамыз аралығында жалғасты. Онкүндік аясында экологиялық мәдениетті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, еңбекқорлықты ілгерілету және басқа да бағыттар бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгін жаңа студенттік үйдің ашылуы, Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Біз халықаралық жастар күнін ашық аспан астындағы концертпен аяқтағымыз келеді. Біз жастарға мерекелік көңіл күй сыйлай алдық деп сенеміз», - деді Самат Ибраев.



Кеш қонақтары отандық эстрада жұлдыздары Дастан Оразбеков, Ізбасар Кеңесов, Жеңіс Ғарифолла, Нурик Бармаков болды. BayGUYS тобы Open Air-де жүргізуші ретінде келушілерді жағымды әсерге бөледі.

Сонымен қатар фестивальге келушілер үшін викториналар мен конкурстар дайындалды. Ең белсенді қатысушылар power bank, құлаққаптар, музыкалық динамиктер сияқты бағалы сыйлықтарға ие болды. Сол жерде жеңімпаздың аты жарияланды. Ол 21 жастағы Құлшар Бекзат болды.

«Биыл елорда көптеген қызықты іс-шаралармен, концерттермен, фестивальдармен қуантады. Кезекті Open Air жастар үшін арнайы ұйымдастырылғанын білгенде таң қалдым. Біз достарымызбен бірге тамаша жұмыс кешін өткіздік, ән айттық, биледік, көңіл көтердік. Баршаңызды Халықаралық Жастар күнімен құттықтаймын!» - деді елорда тұрғыны Малика Мамирханова.