Белгілі журналист Жанжігіт Омархан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін Жанжігіт Омархан Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде БАҚ-пен жұмыс жөніндегі құрылымдарды басқарған болатын.
Жажжігіт Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Журналистика» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. Сондай-ақ, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығ бойынша тәмамдаған.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарнасында бастап, журналист-редактор және бағдарламалар жүргізушісі болып жұмыс істеді.
2011-2015 жылдар аралығында «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасы мен «Еуразия - Бірінші арнасында» бағдарламалар мен ток-шоулар жүргізді.
2016 жылы – «Астана» телеарнасының «Өзекті» авторлық бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.
2018-2019 жылдары – Жамбыл облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі.
2019 жылдан 2021 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы қызметiн атқарды.