05 қыр, 2019 сағат 15:28

ІІМ басшыларын аттестаттау тәртібі өзгереді

Ішкі істер саласында кезектен тыс аттестация өтеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди БАҚ өкілдеріне айтып берді.

«Биыл кезектен тыс аттестация өтеді. Ол бірінші кезекте басшылық құрамды қамтиды. Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі алаңында өтеді. Яғни, ІІМ басшылық құрамының жеке кәсіби қабілеттері жан-жақты зерттеледі. Біз басшылардың қалай жүгіріп, қалай мылтық ататынын, бұйрықтардың нөмірін қаншалықты жақсы білетінін тексеру тәсілінен бас тартқалы отырмыз. Басшының өз міндетін қаншалықты білетіні, өзіне бағынышты бөлімді қандай жағдайда алып, қандай жағдайға жеткізгені басшылыққа алынады. Қандай проблеманы анықтап, оны қалай шешкені де ескеріледі. Ал егер шеше алмаса, неге шеше алмағаны сұхбаттасу арқылы анықталады. Осы тәсілмен басшылардың қайсысы өз қызметіне сәйкес немесе сәйкес емес екені анықталады. Бұл процедура қазан айында басталады», - деді министрлік өкілі.